Сауранда мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды.

Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
2. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
3. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...