Сауранда жылына 20 мыңнан астам үй жиһазын шығаратын цех жұмыс жасайды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехы іске қосылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндірістік цехтың жұмысымен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып танысты. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 20 мыңнан астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. «RICH HOME FURNITURE» жиһаз өнеркәсібінің өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Экспорттың негізгі көлемі батыс аумаққа Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті кең. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия және Беларустық сапа мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

«Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда», – дейді жиһаз цехының басшысы Мақсут Сайдуллаұлы.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...