Сауранда жылына 20 мыңнан астам үй жиһазын дайындайтын цех іске қосылды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехы іске қосылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 20 мыңнан астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Аталған цехтің өнімдері бүгінде Орал, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан қалаларында сұранысқа ие.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті кең. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың үлгісі Ресей, Түркия және беларустық сапа мен дизайны бойынша дайындалады. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

«Кәсіп бастаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда», – дейді жиһаз цехының басшысы Мақсұт Сайдуллаұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...