Сауранда жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай іске қосылды

Шорнақ ауылдық округінде құлпынай өсірумен айналысатын «МУХИТДИНОВ» шаруа қожалығының ашылу салтанатына аудан басшысы Мақсат Таңғатаров арнайы барды. Шараға Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратов, ауыл ақсақалдары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр. 2024 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 0,7 гектар. Мұнда 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық иесінің айтуынша өнімділік 1 жыл ішінде кемінде 10 тонна өнім береді.

Жылыжайда құлпынайлар ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсірілуде. Құлпынайдың бұл түрі өнімділігімен, яғни, бір маусымда бірнеше рет гүлдеп, өнім беретіндігімен ерекшеленеді.

“Біз өсіріп отырған құлпынайдың сапасы өте жоғары. Петицидтерді мүлдем қолданбаймыз. Табиғи жолмен өсірілетін құлпынайымыз дәмді әрі адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы», — дейді Алымжан Мухитдинов.

Кәсіпкердің айтуынша өнім негізінен Түркістан қаласы мен аудан тұрғындарына сатылуда. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Алдағы уақытта шаруашылықты 2 есе кеңейтуді жоспарлап отыр.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...