Сауран: Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен жиын өткізілді

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндіру және Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша құрылған кеңесінің отырысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Мүйтембаев Азат Мақсұтұлы және «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «Оңтүстік» АИО ЖШС, сондай ақ, мәжіліске тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру» мәселесі қаралды. Алғашқы болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азат Мақсұтұлы баяндама жасады. Екінші сөз «ЫРЫС» МҚҰ ЖШС-ның «Кең дала» бағдарламасы бойынша Сауран ауданы координаторы Асхат Ырысқұлұлына беріледі.

Жиын соңында тыңдаушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, жұмыс жалғасатын болады.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...