Сауран ауданында 20-дан астам кәсіпорын бой көтереді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданында 20-дан астам кәсіпорын бой көтереді

Бүгінде аудан тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы жоғары,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның нәтижесінде, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы дамуда. Өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған кәсіпкерлердің жұмыстарына аудан әкімдігі оңтайлы ұсыныстар айтуда.

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дәл осы бастама негізінде Иассы ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездесті. Онда аталған аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында 12 гектар жер телімі бөлінді. Бөлінген аумақта 20-дан астам үлкен, кіші цехтар мен өндіріс орындары ашылады. Алдағы уақытта кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, құрылыс жұмыстары басталады.

Аудан аумағынан өз кәсібін бастауға ниетті азаматтарға жер телімдерін қарастыруға әкімдік тарапынан толық мүмкіндіктер бар екендігін хабарлаймыз. Толық мәлімет алу үшін Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Сартайұлына хабарласа аласыз.
+7 705 371 0301

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...