Сауран ауданына маңызы бар автожол орташа жөндеуден өтуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін сапасы жақсы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу керегін айтқан болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тұрақты бақылауға алған. Сауран ауданында аталған көрсеткішке жету үшін қарқынды жұмыс жүріліп келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтатын болсақ, аудандық маңызы бар Шорнақ-Сауран-Ескі Сауран елді мекендерін байланыстыратын 15 шақырымдық автожолына орташа жөндеу жұмыстары басталады. Жергілікті тұрғындармен кездесуге барған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров автожол Ескі Сауран және Сауран елді мекендерінің тұрғындарын аудан орталығымен тікелей қатынас жасауға септігін тигізетіндігін айтты.

Автожолдың ұзындығы 15 шақырым, ені 6 метр асфальт жабындысы мен жол белгілері және су өткізгіш темір құбырлары салынады. Алдағы уақытта ауданда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 шақырым жол жөнделеді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...