Сауран ауданы әкімінің орынбасары көшпелі жеке қабылдау өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданы әкімінің орынбасары көшпелі жеке қабылдау өткізді

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев Жібек жолы ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі жеке қабылдау өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдауға ауылдық округ әкімі Мейрамбек Әшірбеков, дербес бөлім басшылары мен орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатысты.

Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап өтсек, ауылдық округінің тұрғыны Мұзаппар Қорғаұлы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының ескіріп, тозуына байланысты жаңа әкімдік ғимаратының құрылысы қашан басталатынын, ауылдық округтердегі жолдарды асфальттау, ауылға көгілдір отын қашан келетінін сұраса, Батырхан Ешмұханов карер мәселесін көтерді.

Сонымен бірге, ауыл тұрғындары Назира Шардарбекова өзінің жұмыссыз екенін айтып, 3 баласына атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдем беруін алға тартса, Айбек Алибеков өзінің жеке шаруашылығы бар екенін, соған егетін егістік дақылдарын суаруға скважина арқылы электр бағасының қымбатқа түсетінін, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер қатарына қосылса, электр бағасын төмен төлеуге мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы көшпелі жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...