Сауран әкімі оқу үздіктерін марапаттады

Бүгін Сауран ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Ұла Дала Елі» орталығында ауданымыздың мектеп бітіруші түлектерінің республикалық, облыстық, аудандық пәндік олимпиадаларында және түрлі байқауларда топ жарып жүрген озат оқушылары марапатталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова қатысып, мектеп бітіруші түлектерге үлкен өмірге басқан қадамдарына ақжолтай тілектерін білдірді.

«Биыл ауданда 1451 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Осы жас буын мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша атсалысады деп сенемін. 11 жыл оқып, ұстаздар тарапынан сапалы білім, саналы тәрбие алып, өмірдің үлкен көшіне аяқ басқалы отырсыздар. Сіздердің осы алған білімдеріңіз, таңдаған мамандықтарыңыз ертеңгі өмірлеріңіздің үлкен жолы. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді білдіремін», — деді аудан әкімі.

Жиында құттықтау сөз соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров үздік оқушыларды арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Шара барысында студент атанған грант иегерлері, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына бейне үндеу жариялап, өз атынан алғыстарын білдірді.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...