Сарыағашта жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды. Енді аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты. Былтыр қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді.

Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты елді мекендердің 4 796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық және 15 әлеуметтік нысан газға қол жеткізеді. Одан бөлек, Ақжар ауылдық округінен 300 абонент қосылса, Атамекен елді мекенінен 235 абонент табиғи газға қол жеткізеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...