Қазақстан туын «шүберек» деп атаған блогер сотталды

Түркістан қалалық сотында мемлекеттік туды қорлап, әлеуметтік желіге салған Сауран ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы Сауран ауданы, Ибата ауылындағы орталық көшеге ілінген мемлекеттік туды суретке түсіріп, TikTok желісіне жүктеген. Содан астына «жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн» деп Мемлекеттік туды қорлайтын сөздер жазған. 

Алайда жарияланған постқа оқырмандардың наразы пікірі көбейіп кеткендіктен, салған жазбасын өшіріп тастаған. Қылмыстық әрекеттер іс материалдарына тіркелген құжаттармен толық дәлелін тапты.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 372-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Сотталушыға қолданылған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқын ұстау туралы» қолхатына өзгертіліп, ол сот залынан қамаудан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ» — делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...