Қала әкімі Н.Тұрашбековтің мерекелік құттықтауы

Түркістан — түркі жұртының рухани демі, ізгілік пен иманның шамшырағы.

Тарих тағылымы қаламыздың ежелден ілім мен ғылымның, өнердің ордасы болғанын көрсетеді. Ғұламалар мен даналардың мекені ретінде танылған қала ғасырлар бұрын қазақ хандығының астанасы да атанды.

Халқы — алауыз, елі — ерме болса, көне шаһар бұл қасиетті жәдігерін сақтай алар ма еді ?! Әрине, жоқ!

Бабалардың салып кеткен сара жолы — бізге мұра.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де мемлекетіміз татулықты ту етіп, бірлігінен танған емес. Елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың жүрегі де, тілегі де бір арнаға тоғысты.

Құрметті жерлестер!
Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Достығымыз ыдырамасын, татулығымыз берік болып, ынтымағымыз мәңгі жасай берсін!

Құрметпен, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...