Қайтарымсыз грант шеберге шабыт пен мүмкіндік берді

Шымкенттік дизайнер, он саусағынан өнер тамған шебер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін саласының қыр-сырын үйретіп, тұрмыста қолданатын көрпе, пердеден тартып, ұлттық киімдерді тігудің жолымен бөлісіп отыр. Өз кәсібін шағын оқу курсынан бастаған кейіпкеріміз 2023 жылы қайтарымсыз грант қаржысы арқылы өндірістік әлеуетін арттырып, үлкен оқу орталығына айналдырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығына сілтеме жасап.

Жаннұр Өскенбайқызы 2000 жылдан бастап 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизаин колледжінде ұстаздық еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда көптеген келіншек Ж.Лесбековаға тігін тігуді үйретуін сұрап, сол арқылы бизнес-жоба қорғауға ниетті екенін айтқан. Қыз-келіншектердің ұсынысын қабыл алып, декреттік демалыс кезінде оларға тігіннің әліппесінен бастап, кәсіби маман болуына дейін бар білгенімен бөліскен екен.

– Сол кездегі шәкірттерім осы тігін саласы бойынша грантқа өтінім беріп, комиссия алдында жобасын қорғап, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Нәтижесінде, шәкірттерім өз алдына кәсібін ашып, бүгінде шебер тігінші атанып отыр. Уақыт өте келе тігіншілік курсын оқуға ниеттенген қыз-келіншектердің саны артты. Сабақ өтетін орным да аядай, тігін құрылғылары жеткіліксіз. Менде шәкірттерім секілді 2023 жылы бизнес-жобамды жазып, «көпбалалы ана» санатымен қайтарымсыз грантқа өтінім бердім. Өз ісімнің маманы болғасын комиссия алдында ұсынған жобамды қорғап шығу қиынға соқпады. Комиссия бизнес-жобамды мақұлдап, қайтарымсыз қаржыға ие болдым. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғылар, маникендер сатып алып, үлкен оқу орталыққа айналдық, — дейді шебер.

Осылайша кейіпкеріміздің шағын оқу орталығы өндірістік деңгейге жеткен соң 2023 жылдың қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен келісім-шарт түзіп, «Дизаин» факультетінің студенттерін өндірістік пәндер бойынша сабақ беретін болып келіскен. Қазір «Жан-Нур» оқу орталығында қаламыздағы қыз-келіншектермен бірге студенттерге де сабақ беріп, тігін түрлерін, киім тігу барысында конструциялау, модельдеу секілді бағыттарды үйретіп жатыр. Одан өзге, құрақ құрау, кесте тігу секіл ұлтымыздың қолөнерінен де сабақ береді.

– Қарапайым мұғалімнен кәсіпкерге, шағын оқу-курсынан өндірістік орталыққа жетуге 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржының көмегімен жеттім. Болашаққа деген жоспарым өте көп. Десе де, жобаларымды жүзеге асыруға демеп жіберген мемлекетімізге рақмет айтамын,- деді кейіпкеріміз.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...