Ордабасыда шахматтан облыстық турнир өтті

Aудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыстың қорытындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңімпаздар:

1 орын — Ордабасы аудандық орталық ауруханасы; 2 орын — облыстық клиникалық ауруханасы, 3 орын — Сайрам аудандық орталық ауруханасы. Әйелдер арасындағы жеңімпаздар: 1 орын — Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, 2 орын — Ленгір қалалық емханасы, 3 орын — Түркістан перинатальді орталығы.

Жалпы турнирге ерлер арасында — 15 ауданнан, әйелдер арасында — 12 ауданнан медицина мекеме қызметкерлері қатысқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...