Оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті

Mектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі және жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.
1. Қала аумағындағы балалардың құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар;
2. Балалардың шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстары туралы;
3. Қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздік шаралары мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы;
4. Қала аумағындағы кәмелет жасына толмағандарды және жасөспірімдерді бұқаралық спорт түрлеріне тарту бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайында қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...