Олар – кемел келешек кепілі

Балаларымыз – біз бастаған ізгі істердің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт құсымыздың қанаты іспеттес. Бүкіл әлемде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні болып белгіленген.

Міне, 74 жылдан бері жаздың алғашқы күнін көптеген мемлекет халықаралық балаларды қорғау күнімен бастайды. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демо-кратиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған болатын. Алғашқы халық-аралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Бұл мерекені тойлаудың басты миссиясы – жұртшылық назарын өмірде және отбасында зорлық-зомбылық көрген балаларды қорғауға, олардың бақытты балалық шақтарын бейбіт әлемде өткізуге және өз елінің толық, бейбіт азаматы ретінде өсіп-жетілулеріне ықпал ету еді.

Бүгінде адамзаттың алдында тұрған зор міндет – жас ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Сондықтан да балаларымыздың бақытты балалық шағына дақ түсірмеу – аға буынның айнымас парызы деуге болады.

Келес ауданы, Ұшқын ауылындағы №20 орта мектепте кеше ғана білім есігін ашқан оқушылар бүгінде жауқазындай жайнап, өсіп-жетіліп келеді. Алғашқы оқу жылын аяқтаған балаларымыз енді алдағы демалыс уақытын ата-аналарына көмектесуге арнайды. Балдәурен балалық шақтың қызығын да, шыжығын да демалыс лагерьлерінде өткізетіндер бар.

Сіздер мына төмендегі суреттен мектептің 2 «г» сыныбы оқушыларының ұстазы Қазыбек Тулабекпен естелік суретке түскен сәтін көріп отырсыздар. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, адамды өмірге бейімдейтін, өмірдің заңдылықтарын үйрететін адам. Ол балалардың қолдаушысы һәм қорғанышы болуы керек. Балалар ұстазына қарап бой түзейді. Баланың тұлға болып қалыптасуында алғашқы ұстазының алар орны ерекше. Сондықтан да бастауыш сыныптардағы ұстаздардың өте үлгілі, балаларға қамқор болуы аса маңызды.

Бауыржан СЕЙДЕЛХАНОВ,
Т.Бердияров атындағы №20 жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Ұшқын ауылы, Келес ауданы.
«Ońtústik Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...