Майдангер қариямен мақтанамыз!

«AMANAT» партиясының «Ардагерлердіардақтайық» деп аталатын жобасы бар. Ұрпақтарсабақтастығы дәстүрін әдемі жалғап, аға буынныңерлігін, қайраткерлік рухын кейінгі толқынға үлгіөнеге етіп қалдыруды мақсат тұтады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығын көзбенкөріп, бел ортасынан табылған майдангераталарымыздың қатары жыл санап селдіреп баражатыр. Арамызда аман жүрген жеңісжауынгерлерінің алды бүгінде жүз жылдық жасы барқазына қартқа айналған. Көргені көп, көңілге түйгенімол қарияларымызға құрмет көрсету – елдік міндетдеп деп білеміз.

Жеңістің 79-шы көктемін амандықпен қарсы алуТүркістан қаласы бойынша жалғыз майдангер – Немат Абдурасилов атамызға бұйырыпты. Биыл 102 жасқа аяқ басқан қазына қартымыз «ҚызылЖұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «ҰлыОтан соғысы» ордендерінің кавалері, «Ерлігі үшін» және тағы да басқа қаһармандық пен қайсар рухты азаматтарға тағайындалатын медальдарменнаградталған.

Бірінші Украина және бірінші Беларусьмайдандарындағы соғыс іс-қимылдарында табандышайқасып, фашистерге қарсы күресте ерлік көрсетебілген қарт майдангерді құттықтауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалыныңтөрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағыпартиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев арнайы барды. Үйіне келгенмеймандарды құшағынашып қуана қарсы алғанқария елімізге амандық тілеп, әрбір шаңырақтың құтберекелі ғұмыр кешуіне тілектестігін білдіріп, ақбатасын берді.

Бүгінгі және келешек ұрпақтардың бақытты өмірсүруі үшін кеудесін оққа тосқан аға буынның ерлігіешқашан ұмытылмайды. Алдыңғы толқынаталарымыз бен әжелеріміз бүгінгі бейбіт заманныңорнығуына талай бейнет шекті, тұрмысымыздыңтүзелуі үшін талай маңдай терін төкті. Партияластарымыздың атынан қарт майданге ргемерекелік сый-сияпатты табыстаған Алтынсары Дүйсенбекұлы ақсақалға мол денсаулық тілеп, қазына жасқа жеткен қарияның тірегі болып әулетібатырлық дәстүрін үздіксіз жалғайды деген сенімінбілдірді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...