Келесте «Өнегелі ұрпақ» апталығында 1 мыңға жуық адам сенбіліктерге қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Келесте «Өнегелі ұрпақ» апталығында 1 мыңға жуық адам сенбіліктерге қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Келес ауданына қарасты барлық елді мекендер белсенділік танытуда. Сонымен қатар, аудан жастары қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ретте Абай ауылындағы әкімдік қызметкерлері 98 жастағы тыл ардагері Рахима Галимованың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында тұрғын үй қоқыстан тазартылып, қоршаулар ретке келтірілді.

Сонымен қатар, аудан жастарының ұйымдастыруымен «Ардагерлер» аллеясында тазалық акциясы өтті. Жастар саябақты ретке келтіру және күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстарды атқарды. Жалпы аудандағы «Өнегелі ұрпақ» апталығында ұйымдастырылған тазалық шараларына 1000-ға жуық адам атсалысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...