Келес ауданында 300 орындық жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы барды. Іссапар барысында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық компаниялардың құрылыс материалдарының бағасын көтеріп жібергенін айтқан мердігерлер қосымша қаражаттың қажеттігін жеткізді. Облыс басшысы кішігірім мектеп үшін бекітілген қаражаттың жеткілікті екеніне тоқталып, құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылысты «Samruk-Kazyna» АҚ тапсырысымен «Шымкент Автоматика» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы жер көлемі 2,3 га. Өткен жылы басталған білім ошағы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 2,6 млрд теңге. Құрылыс алаңында 69 адам, 5 техника жұмыс істеп тұр.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...