Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 9-шы отырысы өтті

Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың, суицидтің алдын алу шаралары туралы Абдрахман Тоқбергенов баяндаса, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар бойынша Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бастығы М. Жумабеков жеткізді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жасады.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...