Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады

Мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Бүгінде, Республикада 140-тан астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 8-і Түркістан облысына тиесілі.

Олар, Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған.

Осы орайда, жоғарғы оқу орнын GPA 3.33-тен жоғары баллмен үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...