Жастар орталығы қызметкерлері арасында кіші футбол турнирінен Сауран ауданы 1 орын иеленді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жастар орталығы қызметкерлері арасында кіші футбол турнирінен Сауран ауданы 1 орын иеленді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай”, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әріптестік, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттың кіші футбол түрінен турнир өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын марапаттау шарасына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралұлы қатысып, жастар орталықтары қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорттық шаралардың ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, ойынды ұйымдастырушы Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айбек Сұлтанмұратұлы жыл сайын облыс көлемінде жастардың шағын футбол ойындарына қатысу деңгейі артып келе жатқанын айтып, қатысушыларға алғысын жеткізіп, алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді. Жарыс қорытындысына сәйкес нәтижесінде І-орынды Сауран ауданының жастары жеңіп алды. ІІ-орын Мақтаарал ауданы жастары, ІІІ-орын Келес ауданы жастары иеленді.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...