Ел боламын десең, тарихыңды таны!

Таяуда Сауран аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, осы аудандағы әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектепте «Тарих және құқық негіздері пәндерінен білім беруде заманауи әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды қолданудың маңызы» деген тақырыпта дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндерінен аудандық семинар өтті.Семинардың мақсаты – білім алушыларға тарих және құқық негіздері сабақтарында жаңа технологияның элементтерін пайдалана отырып, білім дарыту, білік дағдыларын қалыптастыру.

Семинар ерекше форматта ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ тарихқа сүңгіп кетесіз. Сонау тас дәуірінен бастап, бүгінгі заманымызға дейінгі оқиғалар түрлі көріністер арқылы баяндалады.

Өткізілген әрбір сабақ жүйелі түрде жоспарланып, семинар тақырыбына сай келетін заманауи әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылды. Мұғалімдер өз сабақтарында түрлі технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, эмоционалды тұрғыдан жағымды ахуал орнатты. Сабақтар білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері арқылы жүргізілді. Мұғалімдер алға қойған мақсаттарын сәтті орындап, өткізген ашық сабақтары жоғары бағаланды.

Наргиза ХАЛМЕТОВА,
Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сауран ауданы.
«Ońtústik Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...