Егіздер дәрігер болғысы келеді

Арыс қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы орта мектепте 11 жыл білім алған Асыл мен Ардақ Пернебай бүгін алтын ұяларымен қоштаспақ.

Бір үйдің егіз қызы Асыл мен Ардақ С.Ерубаев атындағы мектептің мақтанышы. Олар мектеп қабырғасында жүргенде түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Сабақ үлгерімдері жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Егіздер уақыттарының көп бөлігін бірге өткізетін болғаннан кейін, бір-бірінің мінезі мен дағдыларын жақсы біледі. Бір-біріне өте қамқор. Қос бойжеткен дәрігерлік мамандықты таңдап отыр. Ақ халатты абзал жан атанып, еліміздің денсаулық сақтау саласына үлес қосуды армандайды.

Е.Қожахметұлы,
«Ońtústik Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...