Д.Сатыбалды «Жайлы мектептің» құрылысын пысықтады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді.

– Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай кемшілік, қателік болмауы тиіс. Құрылысқа қосымша қаражат қаралмайды.

Құрылыс қатаң қадағалауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды.

Құрылыс нысанында қазіргі уақытта 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жертөле қабырғалары құйылып, жабын қабаттарының темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданында өзге де білім нысандары салынып жатыр. Б.Оспанов көшесінің бойынан А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылысы басталып кеткен. Сонымен қатар Дербісек, Жаскешу елді мекендерінде аталған жоба аясында мектеп ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл «Самал-3» мөлтек ауданынан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...