«Белсенді ұзақ өмір» орталығы белсенді жұмыс істеуде — Xnews — ақпарат агенттігі

«Белсенді ұзақ өмір» орталығы белсенді жұмыс істеуде

Түркістанда зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, жұмысын бастаған. Орталық сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2 983 адамға жетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекемеде 3 сектор арқылы тұрғындарға әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде. Олар: Белсенді ұзақ өмір секторында қарттарға медициналық, психологиялық, құқықтық бағытта көмек көрсетіледі, Тең қоғам секторында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік қызмет түрлері жасалса, үшінші Қамқорлық орталығында жалғызбасты, көпбалалы аналарға, әлеуметтік әлсіз топ мүшелеріне қызмет көрсетіледі.

Бүгінде мекеменің қызметіне жүгінушілер саны артып, орталықтың жаңа филиалдары ашылуда. Соның бірі тұрғындардың сұранысы бойынша биыл «Белсенді ұзақ өмір» секторының Бекзат мөлтек ауданында №1 филиалы ашылды.

Аталған ғимаратта денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлме жасақталған. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі. Жан мен тәнді емдеп, ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған. Бір айда 150 адамды қабылдауға қауқарлы.

Жалпы, Түркістан қаласында 15 мыңға жуық зейнеткер бар болса, оның 8 мыңға жуығы «Бекзат» мөлтек ауданында тұрады.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...