Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудан көлемінде әйелдердің жұмыссыздығын азайту бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, әйелдер репродуктивті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала бөлімінің мәселелері туралы емхана басшысының емдеу және профлилактика ісі жөніндегі орынбасары Әсел Қоңырбаева, аудан көлемінде әйелдердің құқық бұзушылық және зорлық зомбылық фактілері бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оразалы Қаржаубаев баяндама жасады.

Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстарды жандандыру бағытында бірлесе шешім қабылданды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...