А.Оралбаев: Тұрғындар үшін салынып жатқан соң сапаға көп көңіл бөліну керек!

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекенінің іргесінен бой көтеріп жатқан арендалық үйлердің құрылыс барысын бақылап көрді.

Аталған аумақта 1 қабатты 52 пәтерлі, 2-3 бөлмелі 26 үй салынады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 6 үйдің құрылысы бітуге жақын. Қалғандарының іргетасы құйылып, қабырғалары қалануда.

Аудан әкімі мердігер мекеменің өкіліне сапаға көп көңіл бөлу қажеттігіне тоқталып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарының заман талабына сай болуын ескертті. Сонымен қатар, үйлердің аулаларын абаттандыруға, көгалдандыруға жіті назар аудару керектігін айтып, тиісті сала мамандарына аталған жұмыстарды қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

Сондай-ақ аудан басшысы сол маңнан бой көтеретін 3 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мердігер компания іргетасын қалау үшін арнайы шұқыр қазу жұмыстарына кіріскен.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудан орталығындағы Құртаев каналының бойынан салынып жатқан демалыс аймағындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылады. Тиісті жұмыстарды атқарып жатқан мердігерге көгалдандыру және т.б. бойынша ескертулер айтылып, оларды қалпына келтіруге нақты мерзім белгіленсе, аудан әкімінің жауапты орынбасарына жұмысты күшейтуді және бақылауға алуды тапсырды .

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...