Түркістандық озық ойлы ғалымдар телескоп жасап шығарды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті­нің ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу зертхана­сында 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегі­мен телес­коп жасап шығарды.

Құрылғы оқу орны ға­лым­дары іске асырып жатқан «Ин­женерлік-техникалық салаларда STEAM білім беру не­гізінде студенттерді ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» гранттық жоба аясында әзірленді. Ғалымдар жасап шығарған бұл телескоптың жұмыс істеу қағидаты мен құ­рылысына сәйкес бөлшектері толық 3D-принтерлерде басып шығарылды. Өнертапқыш­тар жаңа құрылғыны студенттермен бірге тексеруден өткізіп көрді. Нәтижесінде, айдың анық кескіні мен бізге көрінетін бө­лігіндегі қара дақтар суретке түсірілді. Зерттеу тобы құ­рамында: жоба жетекшісі – физика кафедрасының қа­уым­дастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкұлов, PhD Бақытжан Кұрбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магис­трант Яхё Кәрімжанов сынды ғалымдар бар.

– Бұл құрылғы негізінен жас ғалымдарға телескоптың құ­рылысы мен жұмыс істеу қа­ғи­даттарын, қандай негізгі бөлшектерден тұратынын тү­сін­діруге арналған. Біз сонымен қатар физиканың құбылыста­ры мен заңдарын түсіндіруге бағытталған STEM өнімдерді, зертханалық стендтерді де әзірлеп жатырмыз. Мұндағы бас­ты мақсатымыз – студент­тер­дің инженерлік қабілетте­рін дамыту. Білімді ғылыммен, өндіріспен ұштастыруда отандық ғалымдардың қолдауы біз үшін маңызды, – дейді жоба жетекшісі Қажымұқан Келесбаев.

Жоба барысында алынған нәтижелер білім беру жүйе­ле­ріндегі, сондай-ақ әлем­дік дең­гейдегі өзге де өзекті мә­се­ле­­лер­дің шешімін іздеуге мүм­кін­дік береді.

Дереккөз: «Egemen Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...