Түркістандық оқушылар Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Түркістандық оқушылар Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Жалпы сайыс 9-11 сынып оқушыларына арналған. Білім додасында Түркістан облысының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Шардара ауданындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ернұр Қыдыр ІІ орынға, Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Азамат Тастыбай ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Кентау қалалық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Севдияр Сабиров ІІІ орынды және «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Арнұр Айдарбек ІІІ орынды иеленді.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...