Түркістандық жас мемлекеттік қызметшілер де экоакцияға өз үлестерін қосты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық жас мемлекеттік қызметшілер де экоакцияға өз үлестерін қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығына түркістандық жастар да белсене қатысуда. Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімдігінің жас мамандары да өз үлестерін қосты. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты.

«Тазалықты ту еткен жобаның ұлағаты мол. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау — әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, осы қаланың ауасын өзі мен ата-анасы, балалары жұтады. Өзіміз серуендейміз. Ендеше киелі шаһардың әсемдігін бірге асырайық» — деді жас маман Ердәулет Төрехан.

Сенбілік барысында республикалық акцияның тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде басталғандығының маңызы зор екендігі айтылды. Сонымен бірге, қатысушылар тазалық барысында халық әндерін шырқады. Сенбілік соңында мамандар облыс тұрғындарына «Таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысуға шақырып, арнайы челлендж жолдады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...