Түркістанда экоакция аясында Ясауи кесенесінің аумағына 62 мыңнан астам гүл егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кесене аумағына 10 түрлі гүлдің 62 мыңнан астам көшеті отырғызылған. Одан бөлек, кесене төңірегі тазаланып, әрлеу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана тал көшеттері отырғызылып жатыр. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған. Республикалық-экологиялық акция облыс аумағында 1 ай бойы жалғасады.

Айта кетсек, шаһар аумағында былтыр көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Қазығұрт ауданында ауылдарды көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылуда. Осы ретте, аудандағы Жаңабазар ауылдық округінде абаттандыру, көгалдандыру мақсатында 300 ...

Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді

2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты ...