Түркістан облысындағы Бірінші мамыр мектебінде 20-ға жуық ұлттың баласы оқып жүр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысындағы Бірінші мамыр мектебінде 20-ға жуық ұлттың баласы оқып жүр

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 20-ға жуық ұлттың (қазақ, орыс, өзбек, түрік, әзербайжан, шешен, күрд, татар, украин, тәжік, авар, кәріс, неміс, ұйғыр, иран, қытай, тағы басқа) балалары оқып жүр. Бұл мектептің ұжымы да көпұлтты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бірлігі жарасқан Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінің 219 ұстазы 1803 оқушыға қазақ және орыс тілінде сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Ауылдық округіміз де, осы округтің әкімшілік орталығы болып табылатын елдімекен де Бірінші Мамыр деп аталатындықтан, осында орналасқан 90 жылға жуық тарихы бар мектебімізге де Бірінші Мамыр деген атау берілген. Мұны біздің мектеп ұжымы да, оқушыларымыз да мақтан етеді. Олардың барлығы елімізде жыл сайын аталып өтетін 1 мамыр мейрамын, яғни Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін асыға күтеді. Жылда аталмыш мерекенің қарсаңында мектебімізде Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностардың бірлігін, ынтымағын, достығын, татулығын дәріптейтін тартымды сынып сағаттары, тәрбиелік мәні зор, қызықты кластан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады, – дейді Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінің директоры Бекжан Баймұсаев.

Қазақтықтың қаймағы сақталған, мемлекеттік тіл тұғырына қонған Түркістан өңірінде осындай ерекше мектеп бар. Бірлігі жарасқан өңір халқы елдің дамуы мен тұрақтылығына үлестерін қосып келеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...