Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 145 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 145 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді

Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес кезекті сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен ауқымды шараға жергілікті әкімдіктер, барлық мемлекеттік мекеме мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысып, бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. «Сенбілік – тазалық айнасы» атты тақырыпта барлық аудан, қаладағы жастар орталықтары да атсалысты.

Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір жарым мыңдай көше бойы тазаланды. 850 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек ағаштар әктелінді, аяқ жолдары қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналды. Көп қабатты тұрғын үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістері (подъезд) тазартылды. Үй қасбеттеріне әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. 145 мыңға жуық ағаш және бұта отырғызылды. Жалпы он бес мыңдай адам сенбілікке қатысып, 239 техника жұмылдырылды.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...