Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан.

Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, Отырар ауданындағы — Қарғалы ауылы және Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері, Төлеби ауданындағы — Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері, сондай-ақ Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.

Бұл ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынып отыр. Соның арқасында аталған ауылдарда қылмыс азайып, жастардың салауатты өмір салтына, спортқа қызығушылығы артқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...