Төлебилік оқушылар ментальді арифметикадан халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

Баланың зейіні мен есте сақтау және шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға арналған ментальді арифметика бағдарламасы негізіндегі халықаралық жарыс наурыз айының 22-24 күндері аралығында Ташкент қаласында өткен болатын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Төлеби ауданында 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін дамытуға арналған ментальді арифметика бағдарламасы бойынша білім беретін «Серік» және «Genius» оқу орталықтарының 20 шәкірті олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық жарыста түрлі есептердің шешімін калькулятордан жылдам тапқан төлебилік оқушылар көптен дараланып, ақыл-ой жылдамдығымен көзге түсті.

x

Check Also

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ...