Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кәсіпорындар мен мекемелер аулаларында сенбіліктер өткізіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кәсіпорындар мен мекемелер аулаларында сенбіліктер өткізіп жатыр

Еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы басталған болатын. Игі бастамаға төлебиліктер де қолдау білдіріп, аудан аумағында 29 600 дана көшет отырғызған. Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.

Сондай-ақ, аудан көлемінде инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру жағдайларын алдын алу жұмыстары қолға алынған. Өңірдің белсенді жастары, елдімекен тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер ауқымды акцияда белсенділік танытуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...