«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түлкібастық волонтерлар 30 тонна күл-қоқыс жинады

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түлкібас ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, елді мекендердегі арық-атыздар, аулалар мен көшелер тазартылды.

Қоқыс-қалдықтарды шығару жұмыстары ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп, акцияға белсенді волонтерлар мен жастардан құралған жалпы саны 450 адам қатысты. Тазалық жұмыстары барысында 30 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, жастар аудан тұрғындарын тазалықты сақтап, көшет егу жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Ордабасылықтар алдағы жылы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап ...

Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистер қауымы бірінші кезекте «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ...