Таза Қазақстан: 4,5 мыңнан астам тұрғын атсалысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Таза Қазақстан: 4,5 мыңнан астам тұрғын атсалысты

Қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Әл-Фараби ауданындағы тазалық шараларына қатысты. Жалпықалалық акцияға атсалысқан белсенді жастар мен еріктілер, жергілікті азаматтар «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағының аумағы, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы, алаңдағы жол үсті көпірі, «Жер Ана» монументі маңына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жасыл желекті күтіп-баптау, аялдамаларды жуу,шөп ору, абаттандыру шаралары да жалғасып жатыр.

Ғабит Әбдімәжитұлы қаламызға деген жанашырлықты, ауызбіршілік пен ынтымақты көрсететін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкенттік жүзушілер Душанбеде 17 медаль иеленді

Шымкент қаласының жүзу командасы Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғады. Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған ...

«Startup Orda»: Идеяны жобаға айналдыратын мүмкіндік

Қаламызда идеяны шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін жоба басталды. Shymkent Hub ұйымдастырып отырған «Startup Orda» бағдарламасы биыл екінші рет өткізіліп отыр. ...