Шымкентте екі жаңа саябақ ашылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте екі жаңа саябақ ашылады

Бүгінде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері өзекті болып отыр. Себебі, бұл бағыттағы жұмыстар халықтың қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаланың микроклиматын қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі тарапынан нысандарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Демалыс күндері мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков Желтоқсан көшесіндегі гүлзардың құрылысын тексерді. Қала әкімі абаттандыру жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасына ерекше назар аударады. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Мамыр айының соңына дейін пайдалануға берілетін жаңа демалыс аймағының ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысында жұмысшылар жаяу жүргіншілер жолдарын төсеп, жаңа қоршаулар орнатады. Сонымен қатар, орындықтар, шағын архитектуралық пішіндер, урналар мен жарықшам жүйелері қойылады. Соңғы кезеңде саябақ көгалдандырылатын болады.

Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында тағы бір саябақ салынады. Серуендеу аймағы Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысында бой көтереді. Бүгінде мұнда заңсыз нысандарды бұзу және қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

Демалыс орындарының жоспарында тұрғындардың пікірі ескеріледі. Мысалы, өткен жылы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар бұрынғы «Спутник» дүкенінің жанында сквер салу туралы мәселе көтерген болатын

Қала әкімі азаматтардың өтінішін ескере отырып, оны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Скверді қайта құруға бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Жұмыстар демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлердің есебінен жасалды.

Ел игілігіне берілетін екі жаңа алаң да бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын болады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...