Саурандықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізілмек. Сауран ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда аудан көлемінде ағаштардың түбін қопсыту, сырт келбетін көріктендіру, көшет орындарын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

Алдағы уақытта 26 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұған дейін наурыз айында Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің ішкі көшелерінің бойы мен іскерлік аумақтарға 25 мың түп қарағаш пен үйеңкі отырғызылған болатын. Сонымен қатар, Шорнақ мешітінің 3,5 гектар аумағына 1 000 түп жеміс ағаштары егілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...