Сарыағаштықтар экологиялық акцияға белсене қатысуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағаштықтар экологиялық акцияға белсене қатысуда

Бүгін Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бастама аудандағы «Жібек жолы» кеден бекетінен бастап, республикалық маңызы бар автожол бойына дейін жалғасты. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыстар шығарылып, ағаштар әктелді. Тазалық жұмыстарына аудандағы еріктілер мен белсенділер, жастар және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысуда.

Бұдан бөлек, экологиялық акция аясында аудандағы орталық аурухананың қызметкерлері де аурухана маңында тазалық жұмыстарын қолға алған. Тазалық денсаулық кепілі екенін жіті түсінетін медицина қызметкерлері де науқанда белсенді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...