Сарыағаштық жастар экоакция аясында мүсіндерді әрледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағаштық жастар экоакция аясында мүсіндерді әрледі

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы барысында ауқымды істер жалғасын табуда. Осыған орай, сарыағаштық жастар Жібек жолы ауылдық округінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ағаш түптерін әктеп, мүсіндерді әрледі.

Акцияның негізі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...