Сайрамда «Жаныс баба» кесенесінде сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Киелі мекен» апталығы Сайрам ауданында өз жалғасын табуда. Ауданға қарасты Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан Жаныс баба кесенесіндегі сенбілік жұмыстарына 50-ге жуық азамат жұмылдырылды.

Акция барысында киелі орында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды. Жаныс баба кесенесінің аумағын абаттандыру, сырлау, әктеу және тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына Қарамұрт ауылдық округі әкімшілігіндегі қоғамдық жұмысшылар, Жаныс баба көшесі тұрғындары мен белсенді еріктілер қатысты.

Жаныс баба кесенесі – Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында орналасқан. Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап кесене 2004 жылы тұрғызылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...