Республикалық Ұлттық мектеп лигасына Түркістан облысынан 500-ге жуық оқушы қатысады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 10 сәуір күні Ұлттық мектеп лигасының ақтық республикалық кезеңі басталады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл лига ойындары спорттың 10 түрінен Семей, Астана және Қызылорда қалаларында 5-11 сыныптар арасында өткізіледі. Бүгінде мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілуде. Осы орайда республикалық кезеңге Түркістан облысынан 500-ге жуық оқушыға жолдама берілмек.

Лиганың алғашқы республикалық жарыстары Қызылорда қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында волейбол, баскетбол және футзалдан өтеді. Оған еліміздің 20 өңірінен 700-ге жуық оқушы қатысады. Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі 10 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетсек, жалпы Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында лиганың мектепішілік, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдеріне 286 000-нан астам оқушы қатысқан.

x

Check Also

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...