Қазығұртта 300 орындық мектеп ашылды (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұртта 300 орындық мектеп ашылды (видео)

Алғыс айту күні қарсаңында Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округінде А.Байтұрсынов атындағы 300 орындық мектеп ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу орнының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері арнайы баспасөз турымен барды. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың сөзінше, мектептің құрылысы республикалық бюджет есебінен 2021-2024 жылдар аралығында жүрген. Қазіргі таңда мектепте 261 оқушы екі ауысымда білім алады.

«Бүгінгі ашылып отырған мектеп толық заман талабына сай жабдықталған. Оқу ордасында физика, химия, биология, информатика, кабинеттерінен бөлек, тігін шеберханасы мен үлкен спорт зал бар. Өткен жылы ауданда 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Ал биыл қосымша 3 білім беру ғимаратының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр»,-деді аудан басшысы.

Шара барысында тілшілер қауымы аудандық ауруханадағы оңалту орталығының жұмысымен танысты. Жуырда ауруханаға компьютерлік томографиялық және УЗИ аппараттары орнатылған болатын. Аталған компьютерлік томография тәулігіне 30 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бүгінде аудан тұрғындары өзге қалаларға бармай-ақ аудан орталығында толық медициналық тексеруден өте алады.

© Turkistan телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...