«Қапланбек-Жібек жолы» автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қапланбек-Жібек жолы» автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары басталды

Сарыағаш ауданындағы жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-52 «Қапланбек – Жібек жолы» автомобиль жолына мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысанның жұмысы 2023 жылы басталып, биыл шілде айында толық пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, жол бойындағы Жонарық, Жаңақұрылыс, Қарабау, Зортөбе, Жібек жолы елді мекендерінің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынған болатын. Биыл асфальт жабындысын толығымен жаңартып, жарамсыз су өткізгіш құбырларын ауыстыру және Зортөбе елді мекенінде жарықтандыру шамдарын орнату жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...