Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы тағайындалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы лауазымына Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы тағайындалды.

Әбілқайыр Бақытқалиұлы 1994 жылы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және КАЗГЮУ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономика және бизнес, құқықтану.

Еңбек жолын 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы қызметінен бастаған.

2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, 2018-2023 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың 13 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...