Отырарда экологиялық акция аясында саябақтар мен демалыс орындары қоқыстан тазартылып жатыр

Отырар ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында белсенділік танытуда. Жалпыхалықтық іс-шараға 300-ге жуық адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылған. Аудан орталығының басты көшелерінің бірі «Жібек Жолы» даңғылы бойындағы саябақтар, скверлер мен демалыс орындары толық тазартылып жатыр. Нәтижесінде 30 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған.

Сондай-ақ, акция аясында аудан орталығын көріктендіру мақсатында арнайы орындарға «Петушок», «Алиссум», «Шафран», «Бархатцы» секілді 10 мыңға жуық әсем гүлдердің сорты егілген. Жалпы биыл 21 мың түп гүл отырғызу жоспарланған.

Айта кету керек, республикалық акция аясындағы тазалық жұмыстары аудан орталығынан бөлек ауыл округтерде де ұйымдастырылды. Шара барысында қоғамдық орындар мен көше бойлары күл-қоқыстардан тазартылып, ағаштар әктелді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...