Отырарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары атқарылуда

«Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданындағы Маяқұм, Аққұм, Ақтөбе ауылдарында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында саябақтардағы ағаштар әктеліп, белгіленген аймақтарда көшеттер егілді. Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалардың қасбеті реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар аясында аудандағы Аққұм, Маяқұм, Ақтөбе ауылдарында жалпы 4000-ға көшет отырғызылған.

Айта кетсек, акцияның өзі бірнеше апталықтарға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығы – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығы – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығы – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...